389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында мектеп мұғалімі ірі көлемдегі есірткімен ұсталды

  • 633
  • UPD: 11:38, 04.07.2019

Түркістан облысында аса ірі көлемде есірткі сақтаған мектеп мұғалімі ұсталды.

Ол туралы полицейлерге ауылдастары хабарлаған. Олар жедел тергеу тобын құрып, күдіктіні қолға түсірді. Тексеру кезінде оның қорасынан 9 келі марихуана табылды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Мұғалім қамауға алынды.  

Қарағанды облысының Гүлшат елді мекені маңында жол апаты болып, 4 адам мерт болды. Балқаш-Алматы бағытында кетіп бара жатқан «БМВ» автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көліктің 45 жасар жүргізушісі мен 3 жолаушы сол жерде көз жұмды. Оның екеуі бала. Ал 7 жасар қыз бала ауыр жарақатпен Балқаш қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Алматы облысы Лесновка ауылында Дәнеш Рақышев атындағы мектептен өрт шықты. Бұл туралы хабар ТЖД-не түнгі төрттен кете келіп түскен. Олар келгенше шатырдың 80 проценті жанып кеткен. Осыған байланысты өрт сөндірушілер Жаркенттен бөлек, Шонжы ауыланан да шақыртылды. Сонымен бірге орман шаруашылығының жедел құтқару жасағы жұмылдырылды. Тілсіз жау 3 сағатта ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:

- Жалпы өрт сөндіруге 50 адам 7 единица техника жұмылдырылды. Өрттің жанған көлемі 1200 шаршы метр. Өрттің себебі анықталуда. 

Алматыда қайғылы жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, Айтматов көшесінде бетпе-бет мопед пен мотоцикл соғылып, бір адам қаза тапты. Ал екінші жүргізуші ауыр жарақаттармен ауруханаға түсті. Қазір полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның анық-қанығын анықтап жатыр.

Өскеменде қызметтік ит ұрыны ұстады. Пәтер тонауға келген белгісіз біреуді үй иесі көріп қалып, полицейлерге хабар берген. Қаша жөнелген күдіктіні сол маңда кезекшілік етіп жүрген Ұлттық Ұланның әскери қызметкерлері мен қызметтік иісшіл ит қолға түсірді. Қазір ол қамауға алынып, тергеу амалдары басталды. Иісшіл ит бұған дейін де бірнеше қылмыскерді ұстап, көзге түскен болатын.    

Ермек Уәлиев, ҚР ҰҰ «Шығыс» әскери қамту аймақтық мемлекеттік басқару взводының командирі:

- Күдіктіні ұстаған кезде күдікті қашпақшы болды. Сол кезде полиция жасақтары бірлесіп біз итті қолдандық. Біздің итіміз Сэм қашқан адамды қуып, аяғынан шалып құлатты.

Хабар 24 телеарнасы