383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ғылым қоры» АҚ басшысы пара алды деген күдікке ілінді

  • 226
  • UPD: 23:58, 04.07.2019

Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қордың басқарма төрағасы жоғары оқу орындарының бірінің ректорынан ғылыми жобаларды қаржыландыруды оң шешу және қолдау көрсету үшін 5 мың доллар көлемінде ақша алды деп айыпталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, тергеуге көмек көрсеткені үшін қамауға алынған жоқ. Тергеу ісі жүріп жатыр. Департамент директорының айтуынша, білім беру саласында жемқорлық фактілері азаймай тұр.

Арман Бердалин, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры:

– Мысалы, Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Қандыағаш қаласындағы №4 мектебінің директоры Білім және ғылым министрлігі комиссия кездесулерін ұйымдастыру үшін жалпы білім беру мектепке дейінгі мекемелерінің директорларынан ақша жинау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалпы, жиналған ақша 540 мың теңгені құрады. Шымкент қаласында жедел іздестіру шаралары қорытындысы бойынша ҰБТ-да жоғары балға уәде беріп, оқу орнына түсуге уәде бергені үшін, алдын ала берілген 500 мың теңгенің 125 мың теңгесін қайтару кезінде ұсталу фактісі бойынша Шымкенттің білім басқармасының маманы әшкереленді.

Сондай-ақ Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры мен білім және ғылым министрінің көмекшісі 7 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Яғни университет 2017 жылдан бері министр көмекшісіне жалған оқытушылық қызметі үшін заңсыз жалақы төлеп келген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұған дейін минстр көмекшісінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Оған қызмет бабын асыра пайдаланып, студенттерге жаздық стартап-мектептер ұйымдастыруға бөлінген қаржыдан 11 млн теңгені алаяқтық жолмен жымқырды деген айып тағылды.

Хабар 24 телеарнасы