389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да сыра қайнату кешені өртенді

  • 412
  • UPD: 18:31, 05.07.2019
БҚО-да сыра қайнату кешені өртенді

Ақсай қаласында «Алтын шатыр» сыра қайнату кешені өртенді.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңғы сағат 05:46-да болды. Халықтар достығы 6/1 мекенжайында бір қабатты ғимаратта кабинет, төбе жабыны және жабдықтар жанған. Өрттің аумағы 150 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау 06:26-да оқшауланып, 07:10-да ауыздықталды. Өртті сөндіруге 8 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.

Хабар 24 телеарнасы