383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде бүркіт сатпақ болған адам ұсталды

  • 289
  • UPD: 20:47, 05.07.2019

Ақтөбе облысында сирек кездесетін құстарды аулаған аңшы ұсталды.

Оның көлігін тексеру барысында, полиция қызметкерлері жеті бірдей бүркіт тапқан. Күдікті оларды сатпақ болып, Елордаға бағыт алған екен. Алайда ол ойы жүзеге аспай, «Қарабұтақ-Қостанай» тас жолының бойында жол сақшыларының қолына түсті. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұсталған азамат қызыл кітапқа енген құстарды өңірдің Мәртөк ауданында аулаған. Тәркіленген бүркіттер әзірге жас натуралистер станциясына әкелінген. Істің мән-жайы анықталғанша осындағы мамандардың қарауында болады.

Ерболат Сарқұлов, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:  

- Ұсталған азаматтың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында сатып алушыны адамды жарнама бойынша тауып, сол кісіге апара жатқан. Қазіргі таңда ол кісі де анықталуда. Қазір ҚР қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Және сараптама тағайындалды. Бүркіт құстары қазіргі таңда, қызыл кітапқа енген және де мемлекеттің қорғауында.

Хабар 24 телеарнасы