388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ДВК экстремистік ұйымының белсенділері ұсталды

  • 489
  • UPD: 22:28, 05.07.2019

Елордада «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының белсенділері ұсталды.

Бұл туралы  Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы хабарлады. Аталмыш ұйымның қызметіне елімізде тыйым салынған. Қазір тергеу-тексеру шаралары жүріп жатыр. Қылмыстық іс бойынша 9 адамға тінту жүргізу санкцияланып, олардан компьютерлер, флешкалар, смартфондар, микрофондар және аэрозольды бояулар алынды.  Соттың санкциясымен үш азамат қамауға алынды, қалғандарына қатысты тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 7 адам ұсталды. Олар қоғамдық орындарға парақшалар жапсырып, әлеуметтік желілерде ақпарат тарату арқылы рұқсат етілмеген митингіге шақырған.

Хабар 24 телеарнасы