389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚК заңсыз миграция арнасын анықтады

  • 538
  • UPD: 22:50, 05.07.2019
ҰҚК заңсыз миграция арнасын анықтады

Қазақстанға Өзбекстан мен Тәжікстаннан заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған полицей сотталды.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша Полиция департаментінің Павлодар ауданы бойынша көші-қон қызметі тобының аға инспекторы полиция капитаны Т.Мурзалиновтың құқыққа қарсы әрекеттерін анықтап, жолын кесті. Ол Қазақстан азаматы И.Оспанов және Өзбекстан азаматы К.Джураевпен келісу арқылы Қазақстан Республикасына Өзбекстан мен Тәжікстаннан заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған» делінген хабарламада.

Мәліметке сәйкес, 2018 жылдың қараша айында ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті Т.Мурзалиновты еңбек мигранттарын заңсыз ресімдеуге көмек көрсеткені үшін пара алу үстінде ұстады. Сонымен қатар қылмыстық топтың мүшелері K.Джураев және И.Оспанов тұтқынға алынды. Тергеу әрекеттері барысында ОАӨ елдерінен тұратын 35 куәгер аталған фактілерді мойындады. Сот үкімімен Т.Мурзалинов ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлімі «заңсыз көші-қон ұйымдастыру», 361-бабы 1-бөлімі «лауазымдық өкілдігін теріс пайдалану», 366-бабы 1-бөлімі «пара алу» бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, 1 202 500 теңге (500 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазымға ие болу құқығынан айырылды.

И.Оспанов ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлімі «заңсыз көші-қон ұйымдастыру» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі болып танылып, 841 750 теңге (350 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды. K.Джураев ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлімі «заңсыз көші-қон ұйымдастыру» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі болып танылып, 2 жыл 6 ай мерзімінде бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы