384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында сексеуілді заңсыз тасымалдаушы ұсталды

  • 325
  • UPD: 23:47, 05.07.2019
Жамбыл облысында сексеуілді заңсыз тасымалдаушы ұсталды

Жамбыл облысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері заңсыз сексеуіл тасып бара жатқан 45 жастағы Мойынқұм ауданының тұрғынын ұстады.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға ағымдағы жылдың 4 шілдесінде болған. «Жамбыл облысында Шу-Қордай тас жолының 58-шақырымында КаМАЗ 53212 маркалы автомашина тексерілді. Нәтижесінде 45 жастағы Мойынқұм ауданының тұрғыны тиісті құжаттарсыз 4 текше метр сексеуілді алып бара жатқаны анықталды» делінген хабарламада.

Бүгінде аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ сот-ботаникалық сараптама тағайындалды. Айта кетейік, сексеуіл ағашы елімізде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер қатарына жатады.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы