389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

  • 328
  • UPD: 20:44, 08.07.2019
Ақмола облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 шілде күні таңғы 02:30-да Астрахан ауданының кезекші бөліміне Екатеринбург-Алматы тас жолының 1093-шақырымында Жалтыр ауылы маңында жол-көлік оқиғасы болғаны жөнінде хабарланған.  

«Mercedes ML маркалы көлігін жүргізіп, Атбасар қаласынан Нұр-Сұлтанға келе жатқан 45 жастағы астаналық тұрғын қарама-қарсы жолаққа шығып, ВАЗ 21015 және Volkswagen Golf көліктерімен бетпе-бет соқтығысқан. Соңғы екі машина Павлодардан Қостанайға бара жатқан», - деп мәлімдеді ведомство.

Аймақтық ПД жол апатынан 6 адам қаза тапқанын хабарлады. Олар ВАЗ 21015 көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы (ішінде 6 жасар бала да бар), сондай-ақ Mercedes ML көлігінің жолаушысы. Астрахан аудандық ауруханасына тағы 6 адам жеткізілді: Mercedes ML көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы және Volkswagen Golf екі жолаушысы. Жарақат алғандар ішінде 3 бала бар.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы