388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда суға кеткен жігіт пен баланың мәйіті табылмай жатыр

  • 443
  • UPD: 21:59, 08.07.2019
Ақтауда суға кеткен жігіт пен баланың мәйіті табылмай жатыр

Ақтаудан 25 шақырым жерде орналасқан Шора каналында суға кеткен 2 адамның денесі табылмай жатыр.

Іздеу жұмыстарына 6 водолаз, төтенше құтқару теxникасы жұмылдырылған. Бұл туралы төтенше жағдай департаментінің баспасөз хатшысы хабарлады.

3 күн өтсе де, мәйіттер табылмай жатыр. 

«Шора каналына жалпы 4-5 адам бірге барған. Сағат кешкі 5-тер шамасында нағашы мен жиен шомылу үшін суға түскен. Шамалыдан соң көрінбей кетеді. Хабарлама 17:30-да түсті. Дереу құтқарушылар жіберілді», - дейді МО жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары Бауыржан Мырзағұлов.

Іздеу жұмыстары 5 шілдеде xабарлама түскен сәттен басталған. Әлі жалғасуда. Айта кетейік, 5 шілдеде дәл осы Шора каналында суға кеткен қыз баланы төтеншеліктер құтқарып, ауруxанаға жеткізген болатын.

Хабар 24 телеарнасы