383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда пойыз адамды қағып кетті

  • 147
Қостанайда пойыз адамды қағып кетті

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ер адам теміржол рельстерін рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан.

Сол кезде маневр локомотивінің машинисі шұғыл тежегішті басқанымен, ер кісіні қағып кеткен. 1980 жылы туған жәбірленуші бас сүйектен жарақат алып, Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілді. Белгілі болғандай, ол мас күйде болған. Тиісті медициналық көмек алғаннан соң 39 жастағы кісі өз еркімен емдеу мекемесінен кетіп қалды.

Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы