384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында «Қазпошта» филиалының басшысы пара алу күдігімен ұсталды

  • 146
  • UPD: 18:52, 09.07.2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалы басшысының пара алу фактісін анықтады.

Мәліметке сәйкес, оған бөлім басшысы арқылы жеке тұлғаны жұмысқа орналастыруға көмек бергені үшін 250 мың сомасында пара алды деген  күдік келтіріліп отыр. «Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда. Кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы күдіктілерге қатысты соңғы үкімді сот шығарады» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы