384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда желшешектен 6 жасар қыз бала көз жұмды

  • 138
  • UPD: 23:14, 09.07.2019

Атырауда желшешектен қыз  бала көз жұмды. 6 жасар София облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 4 шілде күні ауыр жағдайда жеткізілген.

Дәрігерлер балада желшешектің белгілерін анықтап, жедел емдеуге кіріседі. Алайда ауру сәбидің  барлық ағзасын дендеп үлгерген. Салдарынан тәулікке жетпей қыз бала көз жұмды. Бүгінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы жағдайға байланысты тексеру жұмыстарын бастап кетті. Мамандардың пікірінше, Софияның ағзасында ауруға қарсы иммунитет өте әлсіз болған. Өкінішке орай, мұнайлы өңірде жұқпалы аурулар азаймай тұр. Жыл басынан бері қарай 850 адам қызылша ауруын жұқтырғаны анықталып отыр.

Надя Ерғалиева, 2-облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

-  Балаға шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп, жансақтау бөлімшесінде жасанды тыныс алу аппаратына салынды. Түскен мезгілден бастап балаға қажетті ем-шаралар жүргізілді. Шокқа қарсы және негізгі ауруына қарсы емдеу шаралары жүргізілді. Бірақ осы емдеу шараларына қарамастан баланың жағдай оң динамика берген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы