384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы зәулім үйдегі өрттің ықтимал себептері аталды

  • 153
  • UPD: 23:58, 09.07.2019

Елордада «Британ кварталы» тұрғын үй кешінен өрт шығып, адамдар эвакуацияланды. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына шатырда жүргізілген жөндеу жұмыстары себеп болуы мүмкін.

Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер хабарлады. Оның айтуынша, жөндеу жұмыстарына жауапты компания техникалық қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Тілсіз жау көп қабатты тұрғын үйдің шатырымен қоса 5 пәтерге залал келтірді. Абырой болғанда тұрғындар зардап шеккен жоқ. 

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Өртті сөндіруде сумен қамтамасыз етуге қатысты проблема болғаны рас. Дәлірек айтқанда судың қысымы төмен болды. Сосын «Су арнасы» мекемесіне хабарласқаннан кейін ол мәселе шешілді. Өрт  21 сағат 40 минутта толығымен сөндірілді. Оған  50-ден астам маман мен 11 техника жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы