384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

  • 172
  • UPD: 14:45, 10.07.2019

Павлодар облысында орман отаған тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасыл желекті заңсыз шапқан күдіктіні ұстауға сол маңдағы ауыл тұрғындары көмектескен. Ал Петропавлда бірнеше зейнеткердің сеніміне кіріп, олардың жинап-терген қаражаты мен дүниесін қолды еткен күдікті құрықталды.

Ақмолалық құтқарушылар Ресейден келген 9 жасар баланың өмірін арашалап қалды. Оқыс оқиға Бурабай сауықтыру аймағындағы көлде болған. Шомылу кезінде үрмелі матраста отырған баланы судың қатты толқыны көлдің ортасына әкеткен. Осы орайда жақын маңайда кезекшілікте болған құтқарушылар шұғыл әрекет жасайды. Санаулы минуттарда-ақ бала жағалауға жеткізіліп, әке-шешесінің қолына тапсырылды.

Жыл басынан облыста 6 адам суға кеткен. «Ал құтқарылған 70 адамның 20-сы балалар», – дейді мамандар. 

Марат Бұрбаев, облыстық ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ басшысының орынбасары:

– Осы жағдайдың себебі, ата-аналар балалары суда демалу кезінде қарамайды. Ата ананың қарауынсыз болып жатыр. Сондықтан мен облыс тұрғындарына айтамын, судың жағалауында демалып отырғанда балаларыңызды қалдырмаңыздар.

Орман отаушылар қолға түсті

Павлодар облысы Шарбақты ауданының полицейлері Сахновка ауылының маңындағы орманды отаған 35 жастағы азаматты ұстады. Тәртіп сақшыларының күдіктіні қолға түсіруіне сол маңдағы ауыл тұрғындарының қырағылығы сеп болған. Олар орман жиегіндегі жолда тоқтап тұрған жүк көлігі мен тракторды  байқап, дереу полиция қызметкерлерін шақыртқан екен.  Осылайша орман ағаштарын балталаған азамат бұлтартпас айғақтармен ұсталды.

Жол апатынан 6 адам қаза тапты 

Ақмола облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты. Үш көліктің қатысуымен болған оқыс оқиға Астрахань ауданы Жалтыр ауылы маңында тіркелді. «Мерседес» жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ-бен бетпе-бет соқтығысқан. Темір тұлпар ішінде болған бес адам оқиға орнында ажал құшты. Олардың арасында 6 жасар қыз бала да болған. Сондай-ақ «Мерседесті» тізгіндеген жүргізуші мен жанындағы жолаушы да жан тапсырды. Қалған 6 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.     

Гүлнәр Пинчук, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

– Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағы «Адам өліміне әкелген жол ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі өндірістік іс қозғалды. Сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары қолға алынып отыр.

Зейнеткерлерді алдаған алаяқ 

Петропавлда алаяқтықпен олжа тауып жүрген күдікті ұсталды.  Ол үнемі зейнеткерлерді алдап соғып отырған. Шағымданушылардың айтунша, барлығына бір бейтаныс әйел келіп, өзін алыс туысқаны деп таныстырған. Әбден сеніміне кірген соң, бағаның шарықтап кеткені жайлы әңгіме қозғап, қарттарға қандай жерде арзан азық-түлік барын айтқан. Сөйтіп арзан тауар әкеліп беремін деп бір зейнеткердің 300 мың теңгесін алып жоқ болған. Тағы бір қарияның ұялы телефонын ұрлап кеткен. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің тұлғасын бейнекамералар көмегімен анықтады. Ол адамның қостанайлықтарды да тура осындай әдіспен сан соқтырып, іздеуде жүргені белгілі болды.

Суға батқандар саны артып келеді 

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында 63 жастағы азамат суға батып көз жұмды. Оқиға Алакөлде болды. Куәгерлердің айтуынша, ішімдік ішіп алған ер адам суға түсуге болмайтын аймақта шомылған. Оның суға батып кеткенін байқаған демалушылар бірден құтқарушыларды шақырады. Жедел жеткен сүңгуірлер оның денесін жағалаудан 15 метр қашықтықта тапқан.

Жалпы, облыста тағы екі адам іздестіріліп жатыр. Оның бірі – Бұқтырма, ал екіншісі Шүлбі су қоймасында суға батып кеткен. Шомылу маусымы басталғалы бері аймақта 13 адам суға батып кетті. Олардың төртеуі бала.

Хабар 24 телеарнасы