383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да дауылдан мектептің шатыры ұшып кетті

  • 109
  • UPD: 18:01, 10.07.2019
БҚО-да дауылдан мектептің шатыры ұшып кетті

Батыс Қазақстан облысында күшті жел үйлер мен мектептің шатырын жұлып әкетті.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі түскен мәліметінше, оқиға кеше сағат 16:10-да Бәйтерек ауданында болды.

Көшім ауылдық округіне қарасты Өркен елді мекенінде Абылай хан көшесі, 17 мекен-жайында қос пәтерлі бір қабатты тұрғын үйдің 50 шаршы метрді қамтыған шатыры құлады. Үйдің жалпы алаңы 172 шаршы метр. Мұнда желдің жылдамдығы секундына 12 метрге жеткен. Сондай-ақ Мичурин ауылы Қазақстан көшесі, 1 мекен-жайында орын тепкен үш қабатты орта мектептің шатыры (аумағы 240 шаршы метр) жұлынды. Ғимараттың жалпы алаңы 6 мың шаршы метр. Осы ауылдағы Светлая көшесі, 16 мекен-жайында қос қабатты тұрғын үйдің шатыры да (150 шаршы метр) сыпырылып түсті. Үйдің жалпы алаңы 150 шаршы метр. Орал қаласына тиіп тұрған бұл ауылда желдің екпіні секундына 17 метрге жеткен. Оқиғалардан зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы