383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да балалар мінген қайықты жел айдап әкетті

  • 125
  • UPD: 22:26, 10.07.2019

Батыс Қазақстан облысында қайықпен көлге серуенге шыққан балалар бір қауіптен аман қалды.

Теректі ауданы аумағындағы Шалқар көлінде төрт бала үрлемелі қайықпен серуендеп жүрген. Аяқ асты қатты жел тұрып, жеңіл қайықты жел ықтырып әкеткен. Тілсіз жау әп-сәтте қайықты жағалаудан 6 шақырым жерге қуалап үлгеріпті. Жергілікті тұрғындардың дабылының арқасында жедел құтқарушылар шақырылып, 40 минуттың ішінде балаларды тауып үлгерді. Айта кетейік, жыл басынан бері облыстағы су айдындарына 20 адам батып кеткен болатын, оның 5 кәмелетке толмағандар.

Әбілхат Әділбеков, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері:

-  Бәрі аман, денсаулықтарына кінәрат келген жоқ. Жағдайлары қанағаттанарлық. Медициналық көмектен бас тартты. Ең алдымен тұрғындар судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Әсіресе ата-аналар мен ересектер балалардың тек рұқсат етілген жерлерде шомылуын қадағалауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы