383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында бір топ аққу құтқарылды

  • 122
  • UPD: 22:06, 10.07.2019

Маңғыстау облысында көл іздеп, шөлге тап болған бір топ аққу құтқарылды.

Бейнеу ауданына қарасты Боранқұл ауылының тұрғындары тиісті органға құм үстінде оншақты аққудың жүргенін хабарлаған. Алысқа ұшып бара жатқан жыл құстары аптап ыстыққа шыдамай, жарты жолда тоқтаған болуы керек. Киелі құстарды құтқару үшін жедел топ құрылып, «Қызылсай» мемлекеттік табиғи паркінің инспекторлары оқиға орнына аттанды. Өкінішке қарай, қатты ыстықта әлсіреген қанаттылардың екеуі өліп қалған. Біреуін көлік басып кетіпті. Қалған құсты мамандар 10 сағат жол жүріп, Ақтаудың іргесіндегі «Қаракөл» жасанды көліне жіберді. Мұнда қазір Қызыл кітапқа енген құстардан өзге, 200-ге жуық аққу тіршілік етеді.

Ізжан Қалқанов, «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі көлеңкелі аумағының директоры:

- Әлеуметтік желіге Бейнеу ауданының Боранқұл селосында ауылдың маңынан аққулардың келіп қонғаны туралы ақпар тараған болатын. Осыған байланысты Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының тікелей бұйрығымен Қызылсай мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшылық құрамымен жедел топ құрылып, аққуларды құтқару жұмыстарына шыққанбыз. Жола аққулардың жағдайын қарап отырдық, су шашып, тамақтандырып дегендей. Денсаулығы, көңіл-күйлері жақсы өздеріңіз көргендей.

Хабар 24 телеарнасы