383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда мектеп мұғалімінен туберкулез анықталды

  • 146
  • UPD: 22:33, 10.07.2019
Оралда мектеп мұғалімінен туберкулез анықталды

Орал қаласындағы мектеп мұғалімінен туберкулездің ашық түрі анықталды.

6-сынып оқушыларына сабақ берген науқас өзін нашар сезініп, емханаға хабарласқан. Қазір оқытушы ауруханада тиісті ем-дом қабылдап жатыр. Эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде мамандар білім беру мекемелерінде және мұғалімнің үйінде дезинфекциялық жұмыстар өткізіп, онымен қарым-қатынаста болған тұлғаларды тауып алды. Олардың арасында оқытушы отбасының 3 мүшесі, сондай-ақ мектептің 16 қызметкері мен 74 оқушы бар. Тексеріс нәтижесі ересек кісілердің ауруға шалдықпағанын көрсетті. Олардың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ал балалар флюорографияға түседі.            

Нұрлыбек Мұстаев, БҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары: 

- Барлық мұғалім жаңа оқу жылы алдында медициналық тексерістен өтеді. Санитарлық тәртіпке сәйкес, олар жылына бір рет өтуге құқылы. Ал аталған қызметкер дәрігерлік тексерістен толықтай өткен. Ал оның кезінде осы кеселмен ауырғаны-ауырмағанын анықтайтын мүмкіндік жоқ. Қазір біздің қызметкерлеріміз туберкулездің алдын алу бойынша ата-аналармен де, оқушылармен де санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы