384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар 24» арнасының тілшісі шыққан рейд барысында ерлі-зайыптылар судан құтқарылды

  • 145
  • UPD: 21:56, 11.07.2019

Елордада суға батып бара жатқан ерлі-зайыпты құтқарылды. Олардың тілсіз жау құрығына ілінбеуіне Есіл аудандық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары жол бермеді.

Оқиға арнамызда апта сайын эфирге шығатын «Проверено» бағдарламасының түсірілімі кезінде болған. Журналистермен бірлескен рейд ұйымдастырған құтқарушылар тосын жайтқа тосырқап қалған жоқ. Керісінше, ағысы қатты өзенге түсіп, алдымен әйелді, кейін күйеуін алып шықты. Көмекке сол маңда жүрген балықшы да келді. Сөйтіп, ерлі-зайыптылардың екеуі де ажалдан арашаланды. Осылайша бүтіндей бір отбасының қайғыдан қан жұтпауына «Хабар 24» телеарнасы «Проверено» бағдарламасының шығармашылық ұжымы да өз септігін тигізді. Бағдарламаның кезекті шығарылымын келер аптаның бейсенбісінде сағат 12:40 пен 18:45-те көре аласыздар. Айта кетейік, құтқарушылардың бірі төтенше жағдай қызметінде тәжірибеден өтіп жүрген Көкшетау техникалық институтының курсанты Серік Аманжолов.

Серік Аманжолов, Көкшетау техникалық институтының курсанты:

- Қазір өндірістік тәжірибеден өтіп жүрмін. Күн сайын білген-түйгенімді арттырып келемін. Аға офицерлер де әрдайым көмек көрсетеді. Тұрғындарға айтарымыз, суға шомылғанда қауіпсіздік талаптарын ескеру қажет!

Хабар 24 телеарнасы