384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында үй тонап жұртты зар илеткен ұры қылмыс үстінде ұсталды

  • 82
  • UPD: 07:30, 12.07.2019
Алматы облысында үй тонап жұртты зар илеткен ұры қылмыс үстінде ұсталды

Алматы облысында полицейлер баукеспе ұрыны қылмыс үстінде ұстады.

«Іле ауданының тәртіп сақшылары маусым айының соңынан бастап аудан тұрғындарының мүлкін ұрлауды кәсіп қылған күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін сотталған Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті азамат құлыптарды бұзу немесе пластикалық терезелер арқылы үйге кіріп, сатуға болатын дүниелерді үптеп кетіп отырған»,- деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Серік Үпиев.

Полиция өкілінің хабарлауынша, күдікті тұрғындардың үйінен электр құралдарды, ноутбук, түрлі-түсті металдарды және сатуға тұрарлық дүниелерді ұрлаған. Қолды болған дүниелер сатып алушылардан табылып, тәркіленді. Сонымен қатар күдікті келтірген материалдық шығындар есептелуде.

«Ұсталған күдіктінің Іле ауданының аумағында маусымның соңы мен шілде айының басында орын алған 9 ұрлық дерегін жасағаны дәлелденді. Қазіргі уақытта аталған деректерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның өзге де қылмыстарға қатысы бары анықталуда. Күдікті аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деді тәртіп сақшылары.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы