388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боксшы Аслан Мұқанов кісі өлтірді деп айыпталуда

  • 573
  • UPD: 23:36, 12.07.2019

Қостанайда кәсіпқой боксшы Аслан Мұқановқа кісі өлтірді деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Алтын дала ауылында күйеу баласымен жанжалдасып, оны пышақтап кеткен. Ауыр жарақат салдарынан 32 жастағы жәбірленуші оқиға орнында қаза тапты. Полицейлерге ер адамның мерт болғанын оның жұбайы хабарлаған. Аслан Мұқанов бокстан NBA America тұжырымы бойынша әлем чемпионы саналады. Осыған дейін шаршы алаңда 6 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Әлемдік дәрежедегі танымал спортшыны қылмысқа не итермелегені әзірше белгісіз.

Серік Рақышев, Қостанай аудандық жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы:

– Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары кезінде оны Заречный кентінен тауып алдық. Оның сонда жасырынғанын шаруа қожалығының күзетшісі жеткізді. Осылайша қылмыстық істің ізін суытпай ашуға мүмкіндік жасалды. Қазір бұл факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы