383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі жанармай станциясында болған жарылыстың себебі анықталды

  • 138
  • UPD: 23:36, 12.07.2019
Шымкенттегі жанармай станциясында болған жарылыстың себебі анықталды

Шымкенттегі жанар-жағармай станциясындағы жарылысқа автоцистернаға құбыршектің дұрыс жалғанбауы себеп болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы оқыс оқиғаның шығу салдарын анықтаған комиссия мүшелері хабарлап отыр. Мамандардың пайымдауынша, автоцистернаға жанармай құю кезінде ауа қоспасы атқылаған. Жоғары қысымның майысқақ түтікті оңды-солды лақтыруынан оның металл ұшы темірге соғылған. Одан шыққан ұшқыннан жарылыс болды. Комиссия жұмысын аяқтаған соң тексеру қорытындысы құқық қорғау органына беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 7 маусым күні қала сыртындағы жанармай станциясында жарылыс болып, техногендік апат орнында бір адам көз жұмған еді.

Хабар 24 телеарнасы