383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда үстіне футбол қақпасы құлаған бала қайтыс болды

  • 140
  • UPD: 12:04, 14.07.2019
Қостанайда үстіне футбол қақпасы құлаған бала қайтыс болды vestikavkaza.ru

Қостанай балалар ауруханасында Намик Шишинов – футбол қақпасының астында қалып қойған бала қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қостанай жаңалықтарына» сілтеме жасап.

Бұл туралы басылымға баланың туыстары хабарлаған.

Олардың айтуынша, баланың жағдайы түнде бірден нашарлаған. Таңертең қайтыс болған. Дүйсенбі Намик Шишиновты Нұр-Сұлтандағы клиникаға ауыстыру керек болған.

Еске салайық, Қостанайда футбол қақпасының құлауы салдарынан 16 жасар жасөспірім зардап шекті. Оған бірнеше рет ота жасалды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Бала жасанды жолмен тыныс алып жатқан еді.

 

Хабар 24 телеарнасы