389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кентауда бір жасар сәби үшінші қабаттан құлап кетті

  • 306
  • UPD: 13:29, 14.07.2019
Кентауда бір жасар сәби үшінші қабаттан құлап кетті odessa.online

13 шілде күні Түркістан облысының Кентау қаласында бес қабатты үйдің үшінші қабатынан үлкендердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған сәби құлап көз жұмды.

Осыған байланысты ҚР ІІМ ТЖК азаматтарды кішкентай балаларды үлкендердің қараусыз қалдырмауға шақырады.

«Баланың терезеге шығып кетпеуі үшін үй жиһаздарын терезенің қасына қоймаңыздар; шыны есіктердің және терезелердің қасында ойнап отырған балаларды қараусыз қалдырмаңыздар; терезе қасында орналасқан төсек орын мен басқа да жиһаздың үстінде секіруге жол бермеңіздер», деп ескертті төтеншеліктер.

Хабар 24 телеарнасы