384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық дәрігерлер үстіне қақпа құлаған жасөспірімнің өліміне қатысты түсінік берді

  • 152
  • UPD: 13:56, 14.07.2019
Қостанайлық дәрігерлер үстіне қақпа құлаған жасөспірімнің өліміне қатысты түсінік берді nokta.md

Қостанайда футбол қақпасының құлауы салдарынан мерт болған 16 жастағы Намик Шириновтің өліміне қатысты денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство өкілдері хабарлағандай, жасөспірімнің ішкі органдары жарақаттанған. Бауыры, аш ішегі жарылып, гемиперитонеум, өт перитониті диагнозы қойылған.

«Операция кезінде және бірнеше рет республикалық орталықтардан кеңестер алдық. Бірнеше рет телемедицина арқылы консультация жүргізілді. Дәрігер Игорь Белобржицкий Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы мәселені көтерді. 15 шілдеде ауыстыруға кеңес берілді. Өт перитониті кезінде аман қалуға тек 1-10% үміт бар. Балаға бірқатар операциялар жасалды, бірақ 13 шілдеде оның жағдайы бірден нашарлады. Оның ахуалын Сызғанов республикалық орталығының дәрігерлерімен бірге талқыладық. Жүргізілген интенсивті терапияға қарамастан, оның қанындағы, биохимиялық анализдердегі, гемодинамикадағы күрт өзгеріс - инфекциялық-уытты шокпен байланысты болып отыр», - деп түсіндірді басқарма өкілдері.

Еске салайық, Қостанайда футбол қақпасының құлауы салдарынан 16 жасаржасөспірім зардап шекті. Оған бірнеше рет ота жасалды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Бала жасанды жолмен тыныс алып жатқан еді.

Хабар 24 телеарнасы