386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында 17 адам тілсіз жаудың құрбаны болды

  • 272
  • UPD: 15:15, 15.07.2019

Қостанайда жедел жәрдем көлігі аударылып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атырау облысында жыл басынан бері 17 адам суға кетті, оның үшеуі балалар. Қостанай облысының Әулиекөл ауданында өрттен бір азамат қайтыс болды.

Той кортежінің көлігі жедел жәрдеммен соқтығысты

Қостанайде жедел жәрдем көлігі Hummer автокөлігімен соқтығысып қалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, жедел жәрдем көлігінде ауыр халде ауруханаға бара жатқан бір азамат болған. Ол басы жарылған күйде ауруханаға жеткізілді. Қасында бірге болған жұбайы да зардап шекті. Сонымен қатар дәрігер мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі де түрлі деңгейде дене жарақатын алды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.  

17 адам тілсіз жаудың құрбаны болды

Атырауда Жайық өзенінде 13 жастағы жеткіншек суға кетті. Қайғылы оқиға Еркінқала елді мекенінде болды. Тағы бір азамат  Құрманғазы ауданының Шарон ауылындағы су айдынына батып кетті. Бұл екеуі де рұқсат етілмеген жерге суға түскен. Жалпы, облыс бойынша жыл басынан бері 16 адам құтқарылса, тағы 17 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Оның үшеуі балалар.

Дүкен өртеніп кетті

Тараздағы «Мармарис» мейманханасының ауласындағы тез пісетін тағам дайындайтын дүңгіршек өртеніп кетті. Өр шалған аумақ 20 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр желісінен шыққан. Өртпен күреске жеке құрамның 20 қызметкері мен 5 арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД. 

Өрттен бір азамат қайтыс болды

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында өрттен бір азамат қайтыс болды. Өрт жеке тұрғын үйден басталып, оған жапсарлас салынған қоражайларға жалғасқан. Қызыл жалын шалған жердің жалпы аумағы 180 шаршы метрді құрады. Тілсіз жаумен Қостанай облыстық ТЖД жеке құрамының 7 маманы мен 2 арнайы техникасы күресті.

Хабар 24 телеарнасы