386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 24 жастағы құрылысшы көз жұмды

  • 213
  • UPD: 22:58, 15.07.2019
Атырауда 24 жастағы құрылысшы көз жұмды newspotok.ru

Атыраудағы құрылыс нысанында 24 жастағы жамбылдық қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға «Zaman» тұрғын үй кешені құрылысында болған.

«BI GROUP» компаниясының «ТамДан құрылыс Астана» мердігер ұйымында істейтін жігіттің басына биіктен темір құбыр құлап түскен. Басынан ауыр жарақат алған жұмысшы облыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер жас жігітті құтқарып қала алмады.

«Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылады. Ол жұмысшының қаза табу себебін тексереді», - деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров.

 

Хабар 24 телеарнасы