386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда экстремалды жарыс қатысушысының неліктен көз жұмғаны белгісіз

  • 149
  • UPD: 08:59, 16.07.2019

Алматыда экстремалды жарыс қатысушыларының бірі кенеттен қаза тапты. Спортшыны шұғыл жеткен жедел жәрдем бригадасы да ажалдан арашалай алмаған. 25 жастағы Дәулет Бейсембаевтың неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.

 Дәулет Бейсембаев бұл жарысқа өзінің достарымен бірге келіпті.  Эстремалды жарыс Алматыда екінші рет өтіп отыр. Қатысушылар шұңқыр ішімен жүгіру, арқанға шығу, көлік доңғалақтарын сүйреу секілді 27 белесті бағындыруы тиіс. Шамамен 1 шақырым 800 метрден кейін Дәулет шаршағанын айтып жарысты тоқтатқан. Ес-түссіз жатқан жігітті алғаш судья көрген. 

Эльмира Эзями, экстремалды жарыстың ұйымдастыру комитетінің мүшесі:

- Дәулеттің командасы есімде. Олар үшін бұл алғашқы тәжірибе еді. Дегенмен жігіттер бірден кәсіпқойларға арналған элита санатына жазылды. Біз оларды бұл райынан қайтара алмадық.

Жарыс өткен саябақта жедел жәрдем бригадасы кезекшілікте тұрған. Сол себепті алғашқы көмек небәрі екі минутта жеткен. Өкінішке орай дәрігерлер Дәулетті құтқара алмады.  

Азамат Әменов, жедел медициналық жәрдем беру қызметі директорының м.а.:

- Келген кезде пациентте биологялық өлімнің белгілері подозрение болған. Сол мезеттен жүрек-өкпе реанимациясын бастап кетті. Сол бригадаға қосымша көмек ретінде артынан бір 10 минуттан кейін біздің реанимациялық бригада келіп көмектесті. Енді барлық шара 1 сағатқа созылды.

Дәулет және өзге де атлеттер жарысқа қатыспас бұрын денсаулығым жақсы, барлық жауапкершілікті өз мойныма аламын деген қолхат жазған. Бірақ емханалардан анықтама әкелмеген. Енді Дәулеттің өлімінен кейін жарыстың ережесін өзгерткен ұйымдастырушылар болашақта медициналық анықтамасыз ешкімді қатыстырмаймыз, дейді. 

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Аталмыш дерек қазіргі таңда Бостандық АІІБ тіркеліп, тексеру жұмыстары қолға алынды. Адамның өлімінің нақты себеп-салдарын анықтау мақсатында Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сондықтан бұл сараптаманың нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Жарыс ұйымдастырушылары Дәулеттің отбасына көңіл айтып, көмек қолын созуға уәде берді.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Қанат Қаматаев

Хабар 24 телеарнасы