386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 47 жолаушы мінген автобус аударылды

  • 403
  • UPD: 10:50, 16.07.2019

Алматы облысында ішінде 47 жолаушысы бар автобус аударылды. Бұл жол-көлік апаты Алматы-Өскемен тас жолының 462 шақырымында болды. Жарақат алған үш адам Сарқан қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

«Екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта жол апатына түскен жолаушылардың біріне операция жасалды. Олар дәрігерлердің жіті бақылауында», - дейді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы. Алматы қаласынан шығып, Алакөл жағалауындағы Көктұма ауылына бағыт алған автобустың ішіндегі қалған жолаушылар медициналық көмектен бас тартып, сапарларын одан ары қарай жалғастырған. Қазір осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы облысында адам өліміне қатысты аса ауыр қылмыс ашылды. 42 жастағы әйелдің қазасына байланысты марқұмның күйеуі мен оның жолдасы ұсталды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы келіспеушілік  жанжалға ұласқан. Ашуға булыққан отағасы әйелін пышақтап тастапты. Артынша мәйітті жасырмақ болып, оны жолдасының көмегімен аулаға көмген. Қылмыстың айғағы ретінде пышақ алынып отыр. Қазір күдіктілер қамауға алынды. Оларға қатысты сот алды тереу амалдары басталды. 

Атырауда екі көлік апаты болып, одан 1 азамат қайтыс болса, тағы 4 адам түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға түсті. Porsche Cayenne мен Volkswagen Polo автокөліктері түйісіп, салдарынан Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізугісі оқиға орнында қаза болды. Ал екінші оқиға бойынша Атырау-Доссор тас жолында «Лада»  автокөлігі жүк көлігіне соқтығысып, оның жолаушылары жансақтау бөліміне жеткізілді.  

Назымгүл Қайсағалиева, облысьық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Осы екі жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК  345- бабйы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Маңғыстау  облысында жолаушылар автобусы қабырғаға соқтығысты. Оқиға Мұнайлы ауданының  Бесшоқы елдімекенінде болған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай өз үйінің тас қоршауына кіріп кеткен. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.  Жүргізуішіге қатысты хаттама толтырылып, іс сотқа жоданды. 

Маңғыстау облысының криминалды полициясы  Жаңаөзен қаласында жеңіл жүрісті қыз-келіншектердің ұясын анықтады. Тәртіп сақшылар бір түнде 11 «түнгі көбелекті» қолға түсірді. Сонымен қатар олардың жеңгейтайы да жауапқа шақырылады. Жамбыл облысының 41 жастағы азаматшасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы