389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда кәріз құдығынан құтқарылған екі адам ауруханада көз жұмды

  • 439
  • UPD: 14:35, 16.07.2019
Қарағандыда кәріз құдығынан құтқарылған екі адам ауруханада көз жұмды

Қарағандыда кәріз құдығына құлап, құтқарушылар алып шыққан екі ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Кәріз құдығынан шығарылған екі ер адам Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, зардап шеккендердің екеуін де құтқару мүмкін болмады» деп түсіндірді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Ауруханаға ер адамдар клоач газымен (күкіртсутек және аммиак) улану диагнозымен жеткізілген еді. Еске сала кетейік, кеше түнде 59 жастағы қарағандылық кәріз жүйесін тазартпақ болып, сол құдыққа құлап кеткен болатын. Оны құтқару үшін құдыққа ұлы мен көршісі түскен. Алайда олар өз күшімен кәріз ағынынан шыға алмады. Нәтижесінде үш ер адамды Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері алып шықты. Үй иесінің ұлы оқиға орнында жан тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы