386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда немересі мен атасы жасанды су тоғанына батып кетті

  • 281
  • UPD: 23:56, 16.07.2019

Петропавлда немересі мен атасы судан ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

60-ты алқымдаған азамат 9 жастағы немересімен қала шетіндегі демалыс орындарының біріндегі жасанды су тоғанына шомылған. Осы маңға іздеп келген баланың анасы жағажай шетінде марқұмдардың киімдерін көрген. Кейін бірден құтқарушыларды шақыртқан. Кеше кешкісін сағат 22:30 кезінде оқиға орнына жеткен мамандар тек таңға қарай суға батқандардың денесін тапты. Қазір аталған фактіге қатысты тергеу амалдары басталды.

Кирилл Иванников, облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің аға инспекторы:

– Жасанды су тоғанының ұзындығы – 80, ені – 50 метр. Сондай-ақ демалыс базасының иесі оны арнайы тереңдеткен екен. Ол жерде шомылуға тыйым салынған. Тіпті арнайы белгі де орнатылған. Дегенмен де бұл азаматтар оны ескермеген. Қазір полицейлер жағдайды анықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы