386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада суға батып бара жатқан адам құтқарылды

  • 203
  • UPD: 12:23, 17.07.2019
Елордада суға батып бара жатқан адам құтқарылды

Елордада су иірімінен шыға алмай жанталасқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Газ аппаратурасы ауданында орналасқан құйылма бөгетте болған. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, белгісіз біреудің суға батып бара жатқаны туралы қоңырау маңайдағы куәгерлерден түскен. Аброй болғанда, дәл осы маңда жедел құтқару бригадасы кезекшілікте болған. Олардың шапшаң әрекетінің арқасында ер адам құтқарылып, жағалауға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы