386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қойма өртеніп жатыр

  • 247
  • UPD: 10:56, 18.07.2019
Алматыда қойма өртеніп жатыр zakon.kz

Алматыдағы Жетісу ауданында қойма өртеніп жатыр.

«Таңертең сағат 07:45-те Алматы қалалық ТЖД «101» пультіне Жетісу ауданы, Омаров көшесінде орналасқан қойма өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті», деп хабарлайды Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрттен шыққаан қалың түтін көрші аудандарда да көрінген.

Алдын ала болжам бойынша қоймада 200 тоннадан астам бояу және лак өнімдері болған.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Тілсіз жауды сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ қызметінің тікұшағы, 67 өртсөндіруші мен 27 техника бірлігі жұмылдырылды.

 

Хабар 24 телеарнасы