386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында қорық өртенді

  • 261
  • UPD: 22:49, 18.07.2019
Қостанай облысында қорық өртенді

Қостанай облысындағы Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау бір мың гектардай құрғақ шөпті шарпыған. Онымен күреске 40 техника және 90-ға жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды. Құтқарушыларға қызыл жалынды сөндіру оңай болған жоқ. Қалың қамыс қопасы мен батпақты жер өртеніп жатқан аумаққа техниканың кіруіне кедергі келтірген. Оқыс оқиғадан адамдар мен қорықты мекендейтін аң-құстар жапа шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі нақтыланып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы