386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақсайда торғайлардың қырылу дерегіне қатысты сараптама зертханаға жіберілді

  • 212
  • UPD: 15:12, 19.07.2019
Ақсайда торғайлардың қырылу дерегіне қатысты сараптама зертханаға жіберілді

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында жүздеген торғай қырылып қалған. Оқыс оқиға алдыңғы күні кешкісін 4-мөлтек аудандағы №43 үйдің ауласында тіркелген.

Теректердің түбінде жайрап жатқан топ торғайды алдымен балалар байқапты. Оқиға орнына жедел жеткен экологтар ауада  зиянды заттардың мөлшері қалыпты деңгейде дейді. Сол жердегі шалшық су мен жақын маңдағы су қоймаларынан алған сараптама нәтижесі алдағы аптаның басында белгілі болмақ. Дәл қазір өлген торғайлар Оралдағы ветеринарлық зертханаға тапсырылды. Мұнда олар құс тұмауына зерттелмек. Одан соң елордадағы референттік орталықта өзге де ауруларға қатысы анықталмақ. Торғайлардың өлуі тек бір үйдің ауласында ғана болғандықтан, оған сол күнгі қатты жаңбыр әсер етті ме деп топшылайды мамандар.

Бақтияр Айталиев, Ақсай қаласының тұрғыны:

- Көп торғай болды. Онымен жинап алып кетті ғой КСК. Ал қайдан, неден болғанын біздер білмейміз. Осында тұрамыз. Жаңбырдан кейін ертесі күні қырылып жатты осы шамада.

Досхан Күзенбаев, Ақсай қаласы әкімінің орынбасары:

- Ветстанция астанаға зертханаға талдау алу үшін бірнеше торғайды алып жолдаған болатын. Ол жолдау шамамен екі жұмадан кейін қорытындысы келеді. Тұрғындардың болжауы бойынша, үлкен кісілердің айтуынша сол күні үлкен найзағай ойнап, сол найзағайдан деп болжауда.

Хабар 24 телеарнасы