386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда Жекебатыр тауы өртенді

  • 354
  • UPD: 21:12, 19.07.2019
Бурабайда Жекебатыр тауы өртенді tengrinews.kz

Бүгін Бурабай ұлттық паркіндегі Жеке батыр тауы өртке оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жауды сөндіруге МИ 26 тікұшағы қолданылды. Өрт ошағы 800 метр биіктікте болғандықтан, вертолет көмегімен әуеге 40 тонна су көтерілген. Сондай-ақ арнайы десант та жұмылдырылды. Осылайша, күндізгі 15 сағат 55 минутта өрт толығымен сөндірілді. Жалпы зардап шеккен аумақ 0,33 гектарды құрады. ТЖД мамандарының айтуынша, өрттің пайда болу себебі оны дұрыс пайдаланбағаннан болып отыр. Алдағы күндері Бурабай ұлттық паркінде осыған байланысты тексеріс жұмыстары жүргізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы