386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында гранатаның жарылуынан екі сарбаз жараланды

  • 225
  • UPD: 18:02, 20.07.2019
Маңғыстау облысында гранатаның жарылуынан екі сарбаз жараланды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы №99116 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі екі сарбазы жарылған гранатадан жарақат алған.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Данияр Әлжанов өзінің Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік өкілінің мәліметінше, №99116 әскери бөлімінің қос сарбазы С.Кошелев пен Б. Жаманбаев оқу полигонындағы оқу-жаттығу кезінде жарақат алған.

«Қазіргі уақытта құзыретті органдар тергеу жүргізуде. Оқиға орнында әскери-құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен тұратын жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша әскери қызметшілер қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан жарақат алған. Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша ертең С. Кошелевті әскери бортпен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізу жоспарланған», - деп жазды Данияр Әлжанов.

Хабар 24 телеарнасы