386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында граната жарылысынан жараланған сарбазға операция жасалды

  • 203
  • UPD: 20:33, 20.07.2019

Маңғыстау облысының Бейнеу елді мекендегі әскери бөлімде оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, 2 сарбаз жараланды.

Біреуінің жарақаты ауыр. Оқыс оқиға 17 шілде күні полигонда әскерилердің ұрыс құралдарын қолдануды пысықтау сабағында болған. Бірнеше дене жарақатын алған жауынгер шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізіліп, оған күрделі операция жасалды.

Өкінішке орай, дәрігерлер оның оң қолын сақтап қала алмады. Қазір олар науқастың көзіне тұрып қалған жарқыншақты алып тастауға тырысып жатыр. Айтуларынша, жас жігіттің өміріне қатер төніп тұрған жоқ. Дүйсенбіде ол санавиация ұшағыен елордаға жіберіледі. Ал екінші сабаздың жарақаты жеңіл болғандықтан дәрігерлердің көмегіне жүгінуден бас тартқан.

Хабар 24 телеарнасы