386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда жеткіншек суға кетті

  • 206
  • UPD: 15:06, 21.07.2019
Бурабайда жеткіншек суға кетті

Бурабай ауданында 16 жастағы жеткіншек суға кетті.

Қайғылы оқиға 19 шілде күні болған. Қаза болған бала Жамбыл облысынан «Жас құтқарушы» сайысына бір топ спортшылармен бірге келген екен. Жарыс аяқталған соң жеткіншектер көлге түскен. Бір спортшының із-түзсіз жоғалғанын байқаған бапкерлер құтқарушыларды шақырған. Олар 10 минут ішінде баланың мәйітін судан алып шықты. Құзырлы орган өкілдері оның денесін туған жеріне жөнелтті. Тәртіп сақшылары болған оқиғаға байланысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Манарбек Шапағатов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:

– Қаза болған азаматтың денесі Көкшетауға сот-медициналық сараптамаға жеткізілді. Тиісті құжаттар толтырылып, сараптама жүргізілген соң 20 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласына жеткіздік. Алайда бізге белгісіз себептермен Шымкентке дейінгі ұшақ екі рет кейінге қалдырылған. Тек бүгін таңғы сағат 10-да Шымкентке жетті. Одан әрі Тараз қаласына жол жүреді.

Хабар 24 телеарнасы