386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 4 бала уланып, біреуі қайтыс болды

  • 321
  • UPD: 20:29, 21.07.2019

Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз жеміс-жидек жеген көп балалы отбасы уланып, 5 жасар қыз бала үйінде қайтыс болды.

Оқиға Уәлиханов ауданына қарасты Кішкенекөл ауылында болған. Отбасындағы төрт бірдей баланың жүректері айнып, қызулары көтерілген. Бойларын әлсіздік жайлаған 8 айлық бүлдіршін мен 8 және 11 жастағы балаларды мамандар анасымен бірге келесі күні санавиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатып ем-дом қабылдаған науқастар кейін палатаға ауыстырылды. Бүгінгі күні олардың жағдайы жақсарып, үйлеріне жіберілді.

Екатерина Живнодей, облыстық балалар ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері:

– Балалардың айтуы бойынша олар ауылда жүріп жидек жеген. Бірақ қандай екенін түсіндіре алмады. Ауруханаға түскен кезде жағдайлары тым ауыр еді. Науқастарға уақтылы медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ анасының да осылай уланып қалғаны анықталды.

Хабар 24 телеарнасы