386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы-Қапшағай жолында апаттан адам қаза тапты

  • 221
  • UPD: 10:36, 22.07.2019

Оқиға Алматы-Қапшағай жолының 43-шақырымында болды. Volkswagen Multivan мен Volkswagen Polo автокөліктері соқтығысқан.

Нәтижесінде жеңіл көліктегі 26 жастағы жолаушы көз жұмды. Тағы үш азамат түрлі жарақаттармен Қапшағайдағы ауруханаға жеткізілді. Аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 345 бабы, 3-бөлімі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алматыда 3 көлік қақтығысып, 4 адам жарақат алды. Достық даңғылы бойында бағдаршамға тоқтаған «Лада» мен Nissan автокөлігіне Toyota маркалы жол талғамайтын машинасы соқтығысқан. Нәтижесіне соңғысы асфальт жиегіндегі арыққа аударылып түсті. Жол көлік оқиғасынан жүргізуші, Nissan автокөлігіндегі жолаушы әйел мен екі бала жарақат алды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы