385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да бір аптада 3 адам суға кеткен

  • 193
  • UPD: 14:37, 22.07.2019
СҚО-да бір аптада 3 адам суға кеткен

Солтүстік Қазақстан облысында рұқсат етілмеген жерде суға шомылған Нұр-Сұлтан қаласының 36 жастағы тұрғыны ажал құшты.

Қайғылы оқиға Соколовка ауылы маңындағы Забочное көлінде болған. Малту білмейтін азамат су айдынында гидроциклмен жүзіп келе жатып аударылыпты. Бұл ретте құтқарушылар тиым салынған жерде суға түсетіндердің саны азаймай отырғандығын айтады. Оның үстіне демалушылар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Жалпы өткен аптада өңірде үш адам су құрбаны болған. Сондай-ақ мамандар екі адамды құтқарып қалды. Мұнымен қоса із-түссіз жоғалғандар да бар.

Марат Мұратов, облыстық ТЖД бөлім бастығының міндетін атқарушы:

- Өткен сенбі күні кезекші бөлімге Есіл өзенінде демалып жатқан азаматшалардың бірі хабарласты. Әйел адам  шомылуға келіп, жағажайда ұйықтап қалған. Оянса қасындағы танысының жоқ екендігін байқаған.  Қазір біздің мамандар оны іздестіру жұмыстарын әлі жалғастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы