386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында екі адам суға батып кетті

  • 150
  • UPD: 14:42, 22.07.2019
Павлодар облысында екі адам суға батып кетті pavlodarnews.kz

Өткен демалыс күндері Ертіс өзенінде екі адам ажал құшты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

Сағат 14.54-те Павлодар қаласы Ертіс өзенінде орталық жағажайда 1976 жылғы ер адам суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, - дейді департаментте. - Жедел құтқару жасағынан 4 адам екі техниканың көмегімен іздеу жұмыстарын жүргізуге шықты. Сағат 15.05-те жағадан 10 метр қашықтықта, бір метрдей тереңдікте анықталған ер адамның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Сондай-ақ, шамамен сағат сегізде Май ауданының Жалтыр ауылында Ертіс өзенінде балық аулап отырған 1977 жылғы ер адам батып кеткен. Оқиға орнына екі адам мен бір техника шығып, сол күні сағат тоғызда судан алып шыққан.

20 шілде күні сағат 18.17-те Ертіс өзенінде үш адам отырған «Казанка» мотор қайығы аударылып қалған. Олардың екеуінде құтқару желеткелері болмаған. Құтқарушылар үшеуін де жағаға жеткізді.

«Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Катер жүріп өткен кезде 1975 жылғы кемені жүргізуші баланстан айырылып қалған. Қасындағылары 1985, 1988 жылғы азаматтар», - дейді ТЖД-де.

Хабар 24 телеарнасы