386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда көп балалы ана алаяқтық жасады деп айыпталуда

  • 156
  • UPD: 10:12, 23.07.2019
Түркістанда көп балалы ана алаяқтық жасады деп айыпталуда

Тәртіп сақшылары 70-ке жуық дерекке қатысы болуы мүмкін дейді.

Олардың айтуынша, күдікті тұрғындарға мемлекеттік бағдарлама бойынша субсидия алуға көмектесем деп серт берген. Бұл қызметін 10 мың теңгеден бастап, 800 мыңға дейін бағалаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаражат қолына түскен соң із-түзсіз ғайып боп отырған. Алаяқтардың әрекетінен жапа шеккендердің шығыны шамамен 5 миллион теңге төңірегінде. Полицейлер күдіктінің өзге де ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауға кірісті. Қазір іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы