386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында жыл басынан бері 8 адам улы жәндіктерден зардап шеккен

  • 158
  • UPD: 10:24, 23.07.2019
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 8 адам улы жәндіктерден зардап шеккен ernur.kz

Ақтөбе облысында бірнеше адам улы жәндіктерден зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы екі айдың өзінде облыстық жедел жәрдем ауруханасына жыландар мен белгісіз құрт түрлері шаққан төрт тұрғын түскен. Дәрігерлер дереу көмек көрсетіп, науқастардың өмірін сақтап қалды. Ал жыл басынан бері 8 ақтөбелік улы жәндіктерден зардап шеккен. Былтырғы көрсеткіш бұдан екі есе көп. Әсіресе, өңірдің Байғанин, Қобда және Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласындағы бірнеше бау-бақша ұжымдарынан ауруханаға жиі түскен. Сондықтан да, мамандар сақ болуды ескертіп отыр.

Толқынай Рахматулина, облыстық медициналық жедел жәрдем ауруханасының бөлімше меңгерушісі:

Емді тағайындау бойынша алды. Жағдайлары жақсарып шықты. Ешқандай науқастың асқынулары болған жоқ. Жылма-жыл салыстырғанда, жағдай осындай 12-14, кейде тамызда көбейіп кетеді. Адам сақтану жолдарын өзі білетін шығар. Адам үйде жүргенде қарап жүру керек, өрмекші торы, қоқыстар жиі жиналатын жерлерден шығады.

Хабар 24 телеарнасы