386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Браконьер қолынан қаза тапқан инспектордың артында 4 баласы қалды

  • 242
  • UPD: 16:47, 23.07.2019
Браконьер қолынан қаза тапқан инспектордың артында 4 баласы қалды

Браконьер қолынан қаза тапқан «Охотзоопромның» инспекторының соңында 4 баласы қалды.

Бұл туралы еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлайды.

Қаза тапқан инспектордың аты-жөні Қаныш Серікұлы Нұртазинов. 1976 жылы 24 қаңтарда Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында дүниеге келген. Нұртазинов «Охотзоопром» мекемесіне 2016 жылы 5 қаңтарда жұмысқа алынған. Марқұмның соңында 3 қызы мен 2011 жылғы бір ер баласы және жұбайы қалды.

Қазіргі уақытта марқұмның мәйітін туған ауылына жеткізу мәселелері қарастырылып жатыр.

Министрліктің хабарлауынша, жарақат алған екінші инспектор Оспанов Самат Көшбергенұлы 1975 жылы Ақмола облысында туған. Білімі орташа арнаулы, заңгер. Қазіргі таңда Саматқа Державинск аудандық ауруханасында операция жасалып жатыр. 

Айта кетейік, инспекторлар Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанай облысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алған. Ақмола облысы Жарқайың ауданының полиция бөлімі күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы