385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақмыс» шахтасында 28 жастағы кенші қаза тапты

  • 189
  • UPD: 20:33, 23.07.2019
«Қазақмыс» шахтасында 28 жастағы кенші қаза тапты

Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының шахтасында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде 28 жастағы кенші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жазатайым оқиға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасында болды. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өндіру учаскесі бұрғылаушысының 1991 жылы туған көмекшісі ауыр жарақат алды. Оқиға салдарынан жас кенші көз жұмды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда. 

«Қазақмыс компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқан адамның туған-туыстарына көңіл айтады», - деп хабарлады «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы