386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда ірі жол апатынан екі адам қаза тапты

  • 192
Қостанайда ірі жол апатынан екі адам қаза тапты

Қостанай облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам көз жұмып, тағы төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Қайғылы оқиға 23 шілдеде сағат 18.00-де «Қостанай - Сарыкөл» автожолының 10-шы шақырымында болған.  Ведомствоның мәліметінше, Volkswagen Golf көлігін басқарған 65 жастағы жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mazda автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 53 жастағы Mazda жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.  Сонымен қатар, түрлі дене жарақатын алған Mazda көлігінің төрт жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. 41 жастағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды. Аталған факті бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы