386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да «нашақорлар ұясы» анықталды

  • 171
  • UPD: 10:32, 25.07.2019

Батыс Қазақстан облысында «нашақорлардың ұясын» ұйымдастырған 37 жастағы азамат анықталды.

Полицейлер оның үйін тінту кезінде пайдаланылған шприцтер мен өзге де есірткі құралдары тапқан. Сараптама қорытындысы полимерлі ыдыстардың бірінде сақталған сұйықтық экстракцияланған опий екенгін анықтады. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Көкнәр-2019» жедел алдын алу шарасы барысында облыс бойынша 8 келіден астам есірткі заты тәркіленген.

Түркістан облысында жыл басынан бері бидай алқаптарында 7 өрт оқиғасы болған. 62 гектар аумақ қызыл жалынға оранып, жер емген диқан 6 миллион теңге шығынға  ұшырады. Аптап ыстық күн райы да ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге зиян келтіреді. Дала өртімен күресудің ең тиімді тәсілі – егіс алқабындағы жолдарға минералданған жолақ салу. Облыста мұндай жолақтардың ұзындығы бір жарым мың шақырымды құрайды. Өрттің тұтануына себеп – қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп дейді мамандар.

Бақытжан Запаров, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

-  Бірінші кезекте айтып өткенімдей, техникаларды ұшқын ұстағыштармен жабдықтау. Науқан орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жаңағы киіз, құм, сондай бекеттерді орнату. Міндетті түрде жаңағы сол жердегі жұмысшыларды өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру.

Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында қараусыз қалған 2013 жылғы бала 4 қабаттың терезесінен құлады. Ауыр дене жараттарын алған бүлдіршін қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің мәліметінше бала бас жарақатын алып иығы сынған. Айта кету керек, биылғы жылдың басынан бері  аймақта осындай 11 оқиға  тіркелген. Нәтижесінде екі бала қаза тауып, 9 бүлдіршін әр түрлі ауыр жарақаттармен ауруханаға түскен. Облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары алдын алу шараларын үзіліссіз өткізуіне қарамастан ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру оқиғалары жалғасын табуда.

Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысының м. а:

- Ең нақты себебі бұл балаларлдың қараусыз қалуы. Өйткені осы 11 оқиға балалардың қараусыз қалуымен байланысты орын алды. Біздің тұрғындардан талап ететініміз балаларды қараусыз қалдырмау, терезелердің алдына ештеңе қоймауын сұраймыз, терезелерге тұтқалар немесе темір тор қоюын сұраймыз.

Шығыс Қазақстанда тәртіп сақшылары заңсыз есірткі саудасының 2 дерегін анықтады. Оның бірі Өскемен қаласында тіркелді. Жергілікті тұрғын өзінің пәтерінде марихуана сақтаған. Тағы бірі Көкпекті ауданындағы жағдай. Күдікті қысқы мал азығына жиған шөптің арасында есірткі затын сақтаған. Тінту кезінде 5 литрлік полиэтилен құтысы мен орамада сақталған 16 дана анаша тәріздес шөп табылды. Қос қылмыс та қызметтік иттердің көмегімен әшкере болды.

Хабар 24 телеарнасы