385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда тұрғыны Павлодар облысында зейнеткерді қағып кетіп, мерт қылды

  • 162
Елорда тұрғыны Павлодар облысында зейнеткерді қағып кетіп, мерт қылды Inbusiness.kz

Жол-көлік оқиғасы Павлодар – Семей тас жолының 50-шақырымында, Павлодар ауданы Новоямышево ауылының маңында болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апаты 25 шілде күні сағат 11:30-да болған.

«Фольксваген Венто» көлігінің 37 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың шетінде тұрған ауыл тұрғынын, 71 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жарақат алған әйел оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Көлік айыппұл тұрағына қойылған. Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі – «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы